Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономика факультетіндегі бухгалтерлер күні

6 қазан күні өздерінің кәсіби мерекелерін бухалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқытушылары мен студенттері атап өтті. Бұл күні кәсіп иелері өздерінің қатал түрлерін ұмытып, әріптестеріне жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысты.

Есеп және аудит мамандықтың 3 курс студенттері де мерекелік іс-шарадан қалыспай, екінші ғимараттың кіре берісін, баспалдақ аралықтарын шарлар мен плакаттармен безендіріп, ұстаздарын ду қол шапалақпен қарсы алды. Үзілісте қойылған әуендер мерекеге ерекше сән берді.

Кафедраның тәрбие ісіне жауапты оқытушысы А.М.Какированың басшылығымен «Есеп және аудит» мамандығының барлық курс студенттерінің  қатысуымен мерекелік іс-шаралар өз жалғасын тапты.


PDF