Мамыр айының 23-і күні Францияның Бургундии университетінің профессоры Дэниэл Рейчварг оқу ордамызға іс-сапармен келді. Профессордың ҚМУ-ға келген мақсаты – екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы мәмілеге келу. Сондай-ақ Бургундии университетіндегі автомобиль және тұрақты даму институтының директорымен, халықаралық бөлімнің бастығымен интернет арқылы тікелей қосылып, бірлесіп жұмыс істеудегі бірнеше мәселелер талқыланды. Мәселен, қандай бағыттар бойынша жұмыс жасалады және Бургундии университетінің профессорларының біздің магистранттарға дәріс беруі туралы сөз болды.
Екі университет арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастық мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Машина жасау (автокөлік құралдарын , олардың бөліктері мен қозғалтқыштарды өндіру; ауылшаруашылығы техникасын жасау)
- Азық-түлік өндірісі (сүт өнімдерін қайта өңдеу технологиясы , ет өнімдері , ұн және макарон өнімдерін өндіру , өсімдік майларын өндіру , өңдеу технологиясы)