Экономикалық факультетінде Ы. Алтынсариннің туғанына 175 жыл толу мерейтойына орай арнайы семинар-сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – келешек ұрпақты қазақ тілін құрметтеуге баулу, қазақ тілінің құдыретін сезіндіру. Сайысқа қатысушылар Ы.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті. Әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды көркем шығарманы оқу шеберлігі, сөйлеу сауаттылығы, сахналық мәдениет, орындау үлгісі, бейнеге кіру деңгейі және мәтіннің мәндік құрылымы бойынша таңдады.
Сайыстың жеңімпаздары арнайы сыйлықтар мен мадақтама, дипломдармен марапатталды.