Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ЭФ-те «Мәңгілік Ел ұлттық идеясы – қазақстандық білім берудің негізі» ортақ отырысы өтті

2016 жылдың  15 сәуір күні сағат 11.00-де экономикалық факультетте «Байтұрсын  оқулары – 2016»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының аясында ұйымдастырылған, «Ғылым, өндіріс, бизнес: қазіргі жағдайы және елдің инновациялық дамуының жолдары» тақырыбындағы «Мәңгілік Ел ұлттық идеясы – қазақстандық білім берудің негізі» ортақ отырысы өтті.

Отырыста э.ғ.д., профессор С.М. Жиентаев, э.ғ.к, доцент Д.С. Кенжебекова, аға оқытушылар В.А. Шмидт, К.М. Кужукеева, Г.К. Алтынбаева, Г.Е. Есімхан баяндамалары тыңдалды.

Ортақ отырысты өткізу барысында экономикалық пәндерді оқытудағы туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған сұрақтар талқыланды, экономикалық емес мамандықтардың студенттеріне экономиканы оқытудың түрлі әдістері қарастырылды, студенттердің сабақтардағы өзіндік жұмысы арқылы оқыту сапасын арттырудың түрлі факторлары ұсынылды.

 


PDF