А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика факультетінде «Қазіргі заманғы тұтынушының рөлі» тақырыбында семинар-байқау өтті. Байқау экономика және инженерлік-техникалық факультеттерінің студенттері арасында өткізілді. Модератор Шмидт Вера Арнольдовна қатысушыларды байқау ережелерімен, тапсырмаларды орындау шарттарымен таныстырды. Іс-шараға университеттің аграрлық-биологиялық, инженерлік-техникалық, ветеринарлық жән мал шаруашылық технологиясы факультеттерінің студенттері көрермен болып қатысып, белсенділік танытты. Байқау нәтижесінде жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.