Скрининг – бұл ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, емдеу тиімділігін арттыру және асқынушылықты алдын алу шарасы.
Экономикалық және аграрлық-биологиялық факультеттің профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары жұмыс орны мен оқуда жүріп арнайы тексеріс скринингтен тегін өту мүмкіндігіне ие болды. Жалпы акцияға университетіміздің 120 астам қызметкерлері мен студенттері қатысты. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың №2-ші ғимаратында №1-ші қалалық емхананың білікті дәрігерлері мен ҚМУ-дың алғашқы медикалық-санитарлық көмек көрсету орталығының медициналық қызметкерлері бірлесіп скрининг өткізу орталығын ұйымдастырды.
Барлық ниет білдіргендер өз салмағын, бойын білуге, көз қысымын және қанындағы қант деңгейін өлшеуге мүмкіндік алды.
Жасалған зерттеулер нәтижесінде дәрігерлер тексеруден өткендерге ұсыныстар жазып, талдау жасауға қосымша бағыт берді.