Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-ала жолын алу әдістері» атты тақырыпқа кураторлық сағат

Патриоттық сезім мен әділдікдікті қалыптастыру және экстремизм мен терроризмге төзбеушілікке тәрбиелеуге, Қазақстанда көрініп жатқан   экстремистік топтардың негізгі белгілерімен таныстыру үшін «Қаржы және банк ісі»  кафедрасының 2 және 3 курс студенттерінің кураторлары Ахметкали Т.А. және Салькина А.С. 2016 жылдың 26 сәуірі күні  «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-ала жолын алу әдістері» атты тақырыпқа кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағатты өткізуге этника аралық және конфессиялар аралық мәселелерді зерттеу орталығының директоры и.ғ.к., философия кафедрасының доценті  Шаукенов Ж.А. қатысты.

 

Қоғам ортасында  террористік және  экстремистік көрінімдерді болдырмау үшін олардың алдын-алу шараларын дер кезінде өткізу қажет. Әсіресе, бұл шараларды жастар арасында өткізу өтө маңызды, өйткені жастар арасы әртүрлі факторлар себебінен қоғамға қарсы және қылмыстық әрекеттер жасайтын топтардың құрықтарына өте тез ілінуге дайын екені сөзсіз.

    


PDF