А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (экономикалық факультет, бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы) мен Қостанай облысы бойынша мемлекттік кіріс департаменті арасындағы жасалған меморандума негізінде, 5В050800-Есеп және аудит мамандығының студенттерін оқыту сапасын көтеру мақсатында Департамент қызметкерлері тұрақты түрде мәселелік дәрістер оқып тұрады.
Қостанай облысы бойынша мемлекттік кіріс департаментімен бірлесіп жоба орындалып жатыр – бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасында «Казақстан Республикасының ақпараттық интегрцианалған салық жүйесі» атты бағдарламасымен жабдықталған «Салық төлеуші кабинеті» оқу зертханасы ашылды. 2015 жылдың 30 қазан күні «Казақстан Республикасындағы кеден ісі және кедендік заңнама шеңберіндегі Кедендік тексеру» атты мәселелік дәріс өтті.
Аталмыш дәрісті Департаменттің аудит Басқармасының кедендік пост-кедендік бақылау бөлімінің басты мамандары Абил Оразтаев пен Бақит Дюсекеев оқыды. Дәріске экономикалық факультеттің деканы Баранова Н.А., бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқытушылары, факультеттің студенттері қатысты.
Едендік заңнама шеңберіндегі кедендік тексеріс пен кедендік ресімдеудің сұрақтары қарастырылды.
Студенттердің барлық сұрақтарына толық қанды жауаптар берілді.
Дәріс туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік Кіріс комитетінің сайтында орналастырылған (kgd.gov.kz).