6 қазан күні өздерінің кәсіби мерекелерін бухалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқытушылары мен студенттері тойлайды! Бұл күні осы кәсіп иелері өздерінің байыпты да сұсты түрлерін ұмытып, әріптестеріне жағымды қылықтарымен ұнауға, оларға жақсы көңіл сыйлауға тырысады.
Мамандықтың 3 курс студенттері де бұл шарадан қалыспай, таңертеңнен екінші ғимараттың кіре берісімен баспалдақ аралықтарын шарлар мен плакаттармен безендіріп, қонақтарды ду қол шапалақпен қарсы алды.
Экономика факультетінің холлын безендірген дәу плакаттың артында сынақ өткізетін екі үстел орналасты. Біреуінде экономика мен бухгалтерлік есеп аймағынан өздерінің білімдерін тексерем деушілерге сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерді – тәтті жүлде күтіп тұрды. Келесі үстелде талапкерлер күн бойы керемет қабілет беретін «сиқырлы» сусыннан ауыз тие алатын болды.
«Осында көріп тұрғандарыңыздың барлығы – жастар үшін жастардың істегені» - дейді бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі Васильчук Елена Васильевна – «Бұл мейрам факультетте дәстүрлі болып табылады және оған қатысушыларға біз жақсы көңіл сыйладық қой деп үміттенемін!».