Елбасының бастамасымен 1 наурыз жаңа мейраммен толықты. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Алғыс айту күні гуманитарлық-әлеуметтік факультет студенттері мен оқытушылар қауымы қуаныш, шаттық сыйлай отырып, бір-біріне алғысын білдірді: біреулері радиоқұттықтауларын жолдаса, басқалары «Алғыс айту қабырғасында» жазбаша түрде өз лебіздерін, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Сонымен қатар, С.Т. Жумарованың ұйымдастыруымен практикалық психология зертханасы негізінде 1 курс студенттері арасында рухани-адамгершілік, патриоттық бағыттағы «Толеранттық – бейбітшілікке апарар жол» атты семинар-тренинг жүргізілді.
Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі болады деген сенімдеміз. Оның Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі жылында тұңғыш рет тойлануы да жақсы нышан.