Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Дарабоз-2019»

«Дарабоз-2019»

 

2019 жылдың 20-наурызында Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінде жастар жылы аясында және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Дарабоз-2019» интелектуалдық сайысы өтті. Бұл сайыста жауынгерлермен бірге А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің журналистика мамандығының студенттерінен құрылған «ЖасStar» және «Болашақ» топтары өзара бақ сынасты. Айтулы шарада алдымен қатысушылардың жылдамдығы сыналды. Одан кейін әр топтың жастар жылына байланысты түсірілген бейнероликтері көрермен назарына ұсынылды. Бірлік пен ынтымаққа негізделген додада қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. «Болашақ» тобы гитарамен әсем ән шырқаса, «ЖасStar» тобының өнері әсерлі диалогпен басталып, кейін ән-бимен жалғасты.

 

6697 аскери бөлім командирінің орынбасары майор Бауыржан Шораев пен университетіміздің аға оқытушысы Амангелді Шурентаев таласты тартыстың әр сәтін қалт жібермей, әділ бағаларын берді. Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша «ЖасStar» тобы озып шығып, жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

 


PDF