Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

Қоғамдағы психикалық денсаулықты сақтау және нығайтудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында 2016 жылдың 12 қазанында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы О.В. Ельчищеваның ұйымдастыруымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған ашық куратор сағаты өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты - психикалық денсаулықты қорғау және нығайту бойынша студенттердің назарын аудару, ең алдымен, өз денсаулығына қатысты жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ету, сонымен қатар, психикалық денсаулық дағдыларын сақтау, қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету болды.

Іс-шараға: психо-наркологиялық диспансер психологы – Г.А.Бисембаева, Костанай қаласының нөмірі 1-ші емханасының психологы О.Н.Симанчук, университеттің барлық мамандықтарының студенттері қатысты. Психолог мамандар нашақорлықтың, ішімдік ішудің және темекі шегудің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері, жаман әдеттерден арылу жолдары жөнінде, сондай-ақ, стресті алдын алу  туралы өз баяндамаларында айтып, осы мәселелерге ерекше мән берді.

«Психология» мамандығының барлық курс студенттері – адамның психикалық және психологиялық денсаулығын жақсарту туралы, ақпараттық хабарламаларды дайындап, олардың физикалық күйге әсері, салауатты және белсенді өмір салтын жүргізу қажеттілігіне мысалдар келтірді.

Жас студенттер психикалық күйдің маңызын ұғынып, салауатты өмір салтын қолдайтындарын танытты. Олар аталған тақырып бойынша өздерін  қызықтырған сұрақтарды психолог мамандарына қойды. Жалпы, ашық куратор сағаты өте қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті.

 

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина


PDF