Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Дүниежүзілік көз жанарының күні

2016 жылдың 12 қазанында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің №2-ші ғимараттың 309-шы дәрісханасында экономика кафедрасының ұйымдастыруымен және Қазақстан нарығының көшбасшысы, отандық ірі фармацевтикалық компаниясы «Химфарм» АҚ-ның қолдауымен Дүниежүзілік көз жанарының күніне арналған «Адам өміріндегі көз жанарының рөлі» тақырыбында  семинар–дәріс өтті. Қостанай қаласының №3-ші қалалық емханасының офтальмолог – дәрігері Вячеслав Дубинин  жиналған оқытушылар мен студенттерге арнап баяндама оқыды.

Аталған іс-шараға экономикалық факультеттің профессор-оқытушылар ұжымы, экономикалық, инженерлік-техникалық, мал дәрігері және мал шаруашылығының технологиясы факультеттерінің студенттері қатысты. Жиналғандардың жалпы саны шамамен 80-ге жуық адамды құрады.

Семинарды өткізу барысында тыңдаушылар көз жанарына байланысты ауруларды алдын-алу жолдарымен, созылмалы ауруларды емдеу әдістерімен танысты. Студенттердің кездесуде айтылған тақырыптарға қызығушылықтары жоғары болды. Олар бір-бірімен ой бөлісіп, талқылауға белсене ат салысты.

Қатысушылар көздерінің саулығын анықтау үшін, заманауи Сивцев – Головин электрондық кестесін қолдану арқылы тексеру және офтальмолог - дәрігердің тегін кеңестерін алу мүмкіндіктеріне ие болды. Кездесу соңында семинарға қатысқан студенттер мен оқытушыларға демеуші компания тарапынан естелікке ақпараттық сыйлықтар таратылды.


PDF