Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Cтуденттердің жұмыс берушілермен кездесуі

2017 жылдың 27-ші қаңтарында ҚМУ-дың ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде «Түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу және олардың еңбек нарығында әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жәрдемдесу. Кездесудің модераторлары ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушылары Г.Х. Хайров және Г.А. Нагурбекова болды. Дөңгелек үстелдің жұмысына: Қостанай облысы әкімдігі облыстық ветеринария басқармасының жетекшісі Ш.Ж.Тасмағамбетов, Алтынсарин, Қарабалық, Қарасу, Федоров, Қостанай аудандары әкімдігінің ветеринария мемлекеттік мекеме бөлімшелерінің басшылары, оқытушылар және студенттер қатысты.

«2017 жылы 100-ге жуық мал дәрігерлері оқу орнын бітіреді. Олардың 50-і күндізгі оқу бөлімінің студенттері болса, 11-і ауылдық квота бойынша оқиды» деп, ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі М.Ж. Аубакиров мәлімдеді.

Жұмыс берушілер болашақ мамандардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, түлектерді жұмысқа орналастыру және қабылдау ерекшеліктері туралы айтып өтті. Сондай-ақ, түлектерге мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырып, дипломдық жұмысты сәтті қорғауға тілектестіктерін білдірді.


PDF