Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

БжҒМ нормативтік құжаттарын әзірлеу

     Бүгін біз А.Байтұрсынв атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің стратегиялық даму басқармасының басшысы Ф.Ф. Майермен сұхбаттасып отырмыз. Ол қаңтардың 5 мен 6-сы күндері ҚР БжҒМ білім саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыс тобының отырыстарына қатысты.

     - Федор Федорович, Сіз осындай жұмысқа бірінші рет қатысып отырған жоқсыз. Бұрын қандай Ережелерді дайындауға қатыстыңыз және осы жолы қандай іс шараларды атқардыңыздар?

    - Шынында да, ҚР БжҒМ жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру  департаменті мені білім саласындағы түрлі құжаттарды әзірлеуге үнемі тартып тұрады. Мысалы, мен қазір біз пайдаланып жүрген кредиттік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру Ережесін, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру жалпыға міндетті Мемлекеттік стандарттарды әзірлегендердің қатарындамын. Ең бастысы, осы құжаттарда менің енгізгендерім: кредит пен академиялық сағат туралы ұғым, оның нәтижесінде студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және ПОҚ оқу жүктемесімен байланысты есептеулерді оқу жұмысының әр түрі үшін кредиттің еңбек сыйымдылығына қатаң бірдей сәйкес келтіру болды. Сонымен қатар,  оқу жұмысының барлық түрлері үшін ECTS кредиттерін қазақстандық кредиттерге және керісінше қайта есептеудің механизмдері берілді.

Осы жолы, еліміздің белді бес жоо өкілдері енген жұмыс тобының құрамында біз жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алатын мамандарды дайындауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру Ережесімен айналыстық.

      - Қандай жаңалықтар бізді күтіп тұрғанын айтып өтпейсіз бе? 

       - Қазіргі жағдайдағы үздік жаңалықтар  – олардың болмауы. Жағдай мынадай. Мамандарды дайындау үшін мемлекеттік тапсырысты орналастырудың негізгі тәсілдері  жоғарыда айтылған құжаттарда келтірілген. Ал, мамандарды дайындау үшін мемлекеттік тапсырыстар орналастылатын жоо анықтау үшін конкурс жариялау жөніндегі шешім менконкурстық құжаттарды дайындау туралы ҚР БжҒМ жеке бұйрығы, талапкерлерден құжаттар қабылдаудың алдында ғана жарияланатын. Осы жерде, жоо өте қысқа мерзімде әр мамандық үшін толтыратын Ақпараттық картаның үлгісі берілетін. Бұл деген қыруар жұмыс қой!

     Сондықтан, қазір Ақпараттық картаның үлгісі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алатын мамандарды дайындауға  арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыратын Ережелермен бірге бекітіледі. Оны біз қайта өңдедік және бұл үлгі жоо алдын-ала белгілі болады. Демек, жоо жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алатын мамандарды дайындауға  арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыратын Конкурс туралы ҚР БжҒМ бұйрығының шығуын күтпей, Ақпараттық карталарды асықпай дайындай алады

      - Федор Федорович, осы екі күн ішінде басқа да құжаттармен айналысқан шығарсыз?

   - Әрине, жұмыс тобы жоо жоғарғы басшыларының қызметінің тиімділігін(КРІ)  бағалауға қажет басты көрсеткіштерді қолданудың әдістемелігі әзірленіп, КРІ көрсеткіштерін, олардың критерилерінің, өздік салмағы мен есептеу әдістері туралы пилоттық нұсқа жасалды.

      - Сұхбатыңызға рахмет.


PDF