Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Біздің студенттер олимпиада жеңімпазы атанды!

«Журналистика» мамандығының студенттері арасында «Inn & Science Asia» ғылыми - білім беру орталығы (Өскемен қ.) ұйымдастырған І Республикалық қашықтық олимпиадада журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері жеңімпаз атанды.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең – үй тапсырмасы, яғни қазіргі қоғамдағы бір өзекті тақырыбына мақала, сюжет немесе сұхбат жіберу болса, екінші кезеңде топ мүшелері ұйымдастырушылар әзірлеген сұрақтарына жауап беріп, кейс тапсырмаларын шешу қажет болатын.

Нәтижесінде сайысқа қатысқан 12 топтың ішінен университетіміздің «Журналистика» мамандығының 4 курс студенттері Аитина Берекетова, Сағыныш Ибрагим, Әйгерім Шаяхметовадан құрылған топ (ғылыми жетекшісі аға оқытушы А.Шурентаев) І орынға ие болса, 2 курс студенттері Сурадж Алиев пен Иван Лещевтің тобы (ғылыми жетекшісі аға оқытушы А.Сулейменова) ІІ орынды иеленді.

олимпиадаолимпиада

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы студенттерді және ғылыми жетекшілерін жеңістерімен құттықтай отырып, алар асуларыңыз бен шығар белестеріңіз көп болсын дейміз!

олимпиада

 

 


PDF