Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Біздің магистрант Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорыстипендиясының иегері атанды

Сырым Жанжигитов

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті қорының студенттік стипендиясын тағайындау бойынша республикалық сайыстың қорытындысын жариялады. Еліміздің үздік студенттері стипендия иегерлері атанды. Олардың қатарында біздің университеттің «Қазақ филологиясы» мамандығының 2 курс магистранты Сырым Жанжігітов те бар. Сырым Елбасы қорының стипендиаты атану үшін қатаң сайыс талаптарынан өте білді. Биыл тоғызыншы рет өткізіліп отырған республикалық байқау екі турдан тұрды. Бірінші тур оқу орнында өткізілді, ал екіншісін Қор ЖОО ұсынған студенттер арасында ұйымдастырды. 27 мамыр мен 28 маусым аралығында өткізілген конкурсқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Түркістан, Өскемен және Шымкент қалаларының 350-ден астам студенттері қатысып, оның 80-і ғана жеңімпаз атанды. Стипендияны оқу барысында, сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ерекшеленген жеңімпаздар бір жыл бойына алмақ. Біз шын жүректен құттықтай отыра, алдағы өмірінде жаңа жетістіктер мен сәттілік тілейміз!

 


PDF