Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Біз – экономикалық факультеттің студенттеріміз!»

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың №2 ғимаратында экономикалық факультеттің 1 курс студенттерін бейімдеу бойынша «Біз – экономикалық факультеттің студенттеріміз!» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шара квест түрінде ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасау машықтарын және тапқырлықтарын көрсете алды.

Ойынға экономикалық факультеттің барлық мамандықтарының 1 курс студенттерінен құралған топтар қатысты.

Квест өз мәресіне жеткен соң арнайы концерт көрсетіліп, жеңіске жеткен «220» атты топ және үздік ойыншылар атанған: Ернар Қабыкенов, Асылжан Ерниязов және Дарья Богородская марапатталды. Қалған қатысушылар да мадақтама дипломдармен қатар, тәтті сыйлықтарға ие болды.

 


PDF