2017 жылдың 7-ші сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс-залында «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуындағы психологиялық ғылым мен тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы п.ғ.к., ҚМУ професорры Л.В.Саркисян болды. Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР парламенті Мәжілісінің және Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары, Қостанай облыстық және қалалық білім беру бөлімінің басшылары, Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Қостанай облысының ІІД мен прокуратура өкілдері, Қостанай облысы әкімдігінің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, Қостанай облысының ҚХА аналар кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері, «Психология» мамандығының магистранттары мен түлектер қатысты.
Арнайы шақырылған қонақтар қозғалған тақырып бойынша баяндама оқып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Студенттер кәсіпқой мамандардың баяндамалары маңызды ақпаратқа толы болғанын айтты. Кездесуге қатысқандар шараны ұйымдастырушыларға дөңгелек үстелдің жұмысы жоғары деңгейде өткізілгені үшін алғыстарын білдірді.