2017 жылдың 3-ші ақпанында ҚМУ-дың аграрлық-биологиялық факультетінде Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының маманы Э.Е. Есенова «Бронх демікпесін алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты: бронх демікпесін алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану бойынша студенттерге ақпарат беру болды.
«Бронх демкпесі – қалыпты демалуға кедергі келтіретін ауру. Оны алдын алудың жолдарын бәрі білген жөн. Әр ата-ана өз баласына кішкентайынан бастап бөлмесін тазалықта ұстауды үйретуі керек. Уақытында бөлмені желдетіп, шаң-тозаңды, еденді ылғалды шүберекпен сүртіп отырған дұрыс» - деді, маман Э.Е.Есенова.
Студенттердің қозғалған тақырып бойынша қызығушылықтары жоғары болды. Олар келген маманға сұрақтар қойды.