Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Бірінші курс студенттерінің ЖОО-ға бейімделуі

Қазан айының 3-ші жұлдызынан 8-ші қарашасына дейін «Бірінші курс студенттерінің бейімделуі» тақырыбында психология және педагогика кафедрасындағы практикалық психология зертханасының лабораттары Ж.Ж. Ромашева және Г.Х. Ибраева тренингтер өткізді. Аталған іс-шараға университетіміздің барлық факультеттерінің студенттері, шамамен 720 адам қатысты.  Студенттер топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды бір-бірімен тілдесу арқылы орындады. Топтық тренинг түрі студенттермен жұмыс жасаудың тиімді әдісі болып есептелінеді.

Жалпы іс-шара қызықты деңгейде өтті. Қатысушылар өздері жайлы көпшіліктің алдына шығып әңгімелеп, төрт жыл бойы бірге оқитын группаластары жайында біраз хабар алды. Тренингтің соңында студенттер практикалық психология зертханасының жұмысымен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.

Тренингті ұйымдастырушылар деканның тәрбие жөніңдегі орындабасарларына, кураторларға, эдвайзерлерге осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шараларды жиі өткізіп отыруға кеңес берді.


PDF