Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

"Білімді мыңды жығар". Журналистер сайысы

 Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында «Журналистер шайқасы» сайысы өтті. Сайысты 3-курс студенттері 1-ші және 2-курс студенттері үшін ұйымдастырды. Олар екі кезеңнің тапсырмаларынан мүдірмей өтті.
битва
Бірінші кезеңде сайыскерлер мұғалімдер мен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берсе, екінші кезеңде әртүрлі бағытта: мысалы журналистика, тарих, әдебиеттен білімдерін көрсетті. Сондай-ақ студенттердің қаншалықты БАҚ өкілдерін, телеарна логотиптерін және олардың әуендік әрлеуіштерін білетіндіктерін сынады. Сайыс қорытындысы бойынша мәреге бірінші болып 1-курс студенттері жетті.  Ал өзгелері іс-шарадан көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

 


 


PDF