Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Бақытқа бірге жетеміз» атты қайырымдылық акциясы

Аяла, мені аяла! 

Мейірім. Әсіресе, ана мейірімі бала үшін өте қажет. Ананың ыстық алақанына ештеңе жетпейтін шығар. Ана өз баласын ешқашан жаман болсын демейді. Балалары үшін мейірімді аямайды.

Ал менің бүгінгі кейіпкерлерім ата – ана мейіріміне зәру жандар. Ата – ана мейірімнен айырылған жандар. Көздері жәудіреп, жан – жақтан мейірім іздейді. Аялы алақан іздейді. 

Біздің аграралық – биологиялық факультетінде дәстүрлі «Бақытқа бірге жетеміз» деген қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып тұрады. Бұл акция аясында, 17.02.2016 ж., біздің факультеттің студенттері Қостанай қаласында орналасқан «жетім балалар және ата-ана қамқорлығынан айырылған №2 балалар мектеп –интернатына» көмек қолын созды. Біздің мақсатымыз жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне қоғамның назарын аудару, оларды адмгершілік – рухани дамуына ықпал ету. Балаларға бір сағат болса да мейірім сыйлап, қуанышқа бөлеп, жүздеріне күлкі үйірлету еді. 

Бізді балалар үйінің тәрбиешелері қуана қарсы алды. Негізі балалар қонақжай екен. Бірге би билеп, өлең айтып, ойын ойнап, аз да болсада балалардың көңілін көтердік.  Біз оларға өз сыйлығымызды табыс еттік. 

Бірақ көздерінде үлкен мұң бар екені көрініп – ақ тұр.

Кетер кезде, бәріміз қимай қоштасып, тағыда келетінімізді айттық.

Енді Наурыз мейрамы кезінде тағы да балалармен кездесуді жоспарлап отырмыз. 

Мейірімділік пен сүйіспеншілік біздің өмірімізді және көңілімізді таза әрі жарық қылады деген ойдамын.

Әр баланың көзінен оқығаным, мына өлең жолдарындағыдай еді:

Кімге ұқсатам білмеймін қандайымды,

Апа бір кеп иіскеші маңдайымды.

Ақуызға толмаған таңдайымды,

Толтырайын айтумен жағдайымды.

 А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ АБФ Биология мамандығы І курс студенті Байдильдина Сымбат.

 

 

 

 

 

 


PDF