Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«BIRGE» акциясы

13 мамырдан елімізде «BIRGE» жалпыұлттық акциясы бастау алды. Акция шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» партиясы атынан үміткері Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілдері арқылы ел тұрғындарының ұсыныстары мен тілектерін жинайды.

2019 жылдың 24 мамырында сайлау науқаны аясында «TeamQazaqstan» Қостанай облыстық қоғамдық штабының жастар қанаты «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаты Қ.К. Тоқаевты қолдап акция өткізді.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері де аталмыш акцияға атсалысты. Олар қаланың орталық алаңына шығып, еліміздегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған жергілікті халықтың ұсыныстарын жинауға көмектесті. Бұл акция барлық қазақстандықтарға, оның ішінде студенттерге алаңдаушылық тудыратын проблемаларды айтуға мүмкіндік берді, сондай-ақ өмір сапасын жақсарту бойынша нақты іс-қимылдарды ұсынуға жағдай туды. 

акция Бірге

 

Акция Бірге 2


PDF