Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Белгілі ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхметтің бірнеше кітабы жарық көрді.

Ол - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі.

Ақын А.Шаяхмет Бұқар жырауға және Бейімбет Майлинге, Нұржан Наушабайұлына арналған республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Қостанай Жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты. «Ана тілі» газетінің лауреаты. А.Байтұрсынов атындағы медальмен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2007 және 2008 жылдары өткен «Астана-Бәйтерек» республикалық ұлттық конкурсының жеңімпазы, «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері. Қостанай қаласының құрметті азаматы.  

Алматы қаласындағы «Дәстүр» баспасынан жарық көрген А.Шаяхметтің «Сөз» атты жаңа өлеңдер жинағына әр жылдары жазған өлеңдері енгізілді. Олардың тақырыбы сан алуан. Автор тәуелсіздік жемістері туралы тебірене жырласа, ел ішіндегі  келеңсіз көріністерді де тілге тиек етіп, жас ұрпақты имандылыққа үндейді.

соз

Сондай-ақ Ақылбек Шаяхметтің «Каскалар мен маскалар» деп аталған Қостанайдағы «Қарлығаш» баспасынан жарық көрген жаңа кітабында оның кейінгі жылдары жазған прозалық шығармалары мен мақалалары, көсемсөздері топтастырылған. «Ақылбек ақын айтқан екен» деген бөлімде жазушының әр жерде табан астында айтқан ұтымды да қанатты сөздері жинақталып отыр.

Ал енді Қостанайдағы «Баспа үйі» шығарған «Нар қазақ - намысы бар қазақ» атты кітабының өзіндік ерекшелігі бар, ол төте жазумен басылған. Оған жазушының соңғы жылдары баспасөз бетінде және Ғаламтордағы әртүрлі сайттарда жарық көрген туындылары жинақталды. Жинақ шетелде тұратын бауырларымызға арналған.

акылбек

Сонымен қатар орыс тіліндегі «Голос степи» жинағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Юрий Бондаренконың алғы сөзімен Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Бұл жинаққа жазушының драмалық шығармаларымен қатар орыс тіліне аударылған прозалық туындылары мен өлең-жырлары енген.

 голос степи

                                                                                              Айдын Бәймен


PDF