7 желтоқсан күні – «ҚМУ – игі істер аймағы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай «Қаржы және банк ісі» кафедрасының студенттері Қостанай қаласының балалы аналарды бейімдеу орталығында болды. Студенттер орталықтың кішкентай тұрғындары үшін тәттілер, жемістер және ойыншықтар салынған қалта дайындаумен қатар, оларға ойын мен билерден құралған музыкалық бағдарлама ұсынды. Студенттер балалармен ойын ойнап, қамқорлық көрсетіп көңілдерін көтеруге тырысты. Қайырымдылық акциясы тек қана балалар мен олардың аналары үшін ғана емес, оған қатысқан жастар үшін де қажет болып шыққаны сөззсіз. Осындай іс-шаралар «Үлкен ел - үлкен отбасы» деген сөдің мағынасын толығынан түсінуге және өздерінің азаматтық жауапкершілігін көрсетуге, қоғамға қажеттілігін сезінуге мүмкіншілік береді.