А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Ғылым, өндіріс, бизнес: қазіргі жағдайы мен елдің инновациялық даму жолы» тақырыбында «Байтұрсынов оқулары – 2016» халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтті. Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 6 бөлімнен тұратын конференция барысында әртүрлі бағыттағы 200-ге жуық баяндама тыңдалды.
«Заң ғылымындағы өзекті мәселелер», «Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуының заманауи үрдістері», «Әлеуметтік-гуманитарлық білім және ғылымның өзекті мәселелері», «Ғылым , білім және тәжірибеде ақпараттық технологиялардың даму келешегі», «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуы : ауыл шаруашылығын дамыту» - осы және өзге де мәселелер конференция аясында талқыланды.