ҚМУ акт залында «Бадрисафа» би ансамблінің есеп беру кеші өтті. Ансамбль «Өнер» студиясы құрылғаннан бері өнер көрсетіп келеді.
«Бадрисафа» би тобы - университет сахнасының көркі ғана емес, көптеген облыстық байқаулардың жүлдегері. Сонымен қатар бишілеріміз республикалық би сайыстарының да дипломанты атанып жүр. Ансамбльдің репертуарында 30-ға жуық би бар. Бұл тізім жыл сайын толығып отырады. Есеп беру концерінде олар 8 би нөмірін көрсетті. Би қойылымдары көрермендердің көңілінен шықты.
Тарих және құқық факультетінің 4-курс студенті Сергей Новосельцев бүгінгі концерттің «жұлдызы» болды. Ол өзге ұлт өкілі бола тұрса да қазақтың төл аспабы домбыраны жетік меңгерген.