ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің кітапханасында "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының студенттері тақырыптық кездесу өткізді. Жиналғандардың алдында ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Медетов Нұрлан Әмірұлы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі Салыкова Ольга Сергеевна құттықтау сөз сөйледі. Іс-шарада "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1-ші курс студенті Асан Мадина домбырамен күй орындаса, орыс бөлімінің 3-курс студенті Какора Юлия патриоттық әндер айтты. Сонымен қатар, студенттер Тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтарын оқыды. Жастар аталған іс-шапраға белсенді түрде қатысты.