Қостанай қаласының «Қостанай-турист» қонақ үйінде «БҰҰ тұрақты даму мақсаттары мен жергілікті жерде оқшаулау тәсілдері» атты тақырыбына семинар өткізілді.
Семинар қатысушылары болып жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қоғам өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, жеке сектор өкілдері мен өзге де тараптар қатысты. Айта кетсе білім беру саласының өкілдері де семинар жұмысына атсалысты.
Осылайша, экономика және құқық институтының атынан семинарға қылмыстық құқық және процесс, мемлекет және құқық теориясы, азаматты құқық және процесс кафедраларының доценттері, оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараны «Экономикалық зерттеу институтының» АҚ стратегиялық бағдарлау мен тұрақты даму орталығының директоры Бақыткүл Хамбар бастады.
Семинар қатысушылары бірнеше топқа бөлініп, БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың жолдарын ұсынған болатын. Нәтижесінде әр қатысушы сертификатқа ие болды.