Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Жыл сайын 1- мамыр күні Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
«Бір шаңырақ астында» атты салтанатты-мерекелік іс-шара А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде де өтті.
Бұл фестиваль - "Наурыздың жеті қадамы" атты мерекелік іс-шаралар топтамасының соңғы кадамы. Мерекені студенттер мен мұғалімдер ұжымы жылдағы әдетпен тал отырғызу рәсімімен бастады. Іс-шараны әсем ән мен би жалғады. Сонымен қатар, факультеттер әр ұлттың салт-дәстүрінен шағын көріністер көрсетті.