Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қазақстандағы «Эразмус+» бағдарламасының үйлестірушісімен кездесу

1-ші маусым күні ҚМУ-дың мәжіліс залында  Шайзада Тасболатова Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының үйлестірушісінің қатысуымен «Математикалық инжиниринг бойынша есептеу орталықтарын және магистерлік бағдарламаны құру» жөнінде ECCUM мониторингі аясында  алғашқы кездесуі өтті. Мониторингтің мақсаты  жобаның  негіздеріне қол жеткізу үшін жүзеге асырылып жатқан  іс-шаралардың орындалу деңгейін тексеру болып табылады.

мониторинг

 

ECCUM жобасының А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ –дегі жұмыс тобының мүшелері:

 

Федор  Майер - стратегиялық даму басқармасының бастығы, жобаның үйлестірушісі;

 

Елена  Кандалина - халықаралық қатынастар басшысы;

 

Оксана   Ярошенко–Бухгалтерлік есеп және есептеу бөлімінің бастығы;

 

Әбдікәрім  Байманқұлов– ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі;

 

Талғат  Жуаспаев – ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы;

 

Ләззат Серкебаева  – ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы. 

мониторинг2

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіндегі  (Алматы қ.)   жұмыс тобының және жобаның  үйлестірушісі -  Гүлнара  Зәкірова кездесуге келгендермен танысты. 

Сондай-ақ, Сантьяго-де-Компостелла университеті атынан  жобаның үйлестірушісі интернет желісі арқылы тікелей байланысқа шықты.

Іс-шара барысында жұмыс тобының мүшелері жобаның негіздері  жөнінде ақпарат берді.

Қазақстандағы ЭРАЗМУС+ мемлекеттік кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Тасболатова, жобаның жұмыс ережісі, әдісі мен тиімділігі жөнінде ақпаратпен бөлісті.

 


PDF