Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қазақстандағы бейдәстүрлі діни ағымдар

ҚМУ-дың психология және педагогика кафедрасында «Қазақстандағы бейдәстүрлі діни ағымдар» тақырыбында кураторлық ашық сағат өтті.  Іс-шарада дін және мәдениет, бейдәстүрлі діни бірлестіктер, бейдәстүрлі діни ағымдарға еліктіру әдістерін алдын-алу, діни экстремизм мен лаңкестік мәселелері қарастырылды. Сабаққа Қостанай қаласының Діни мәселелерді зерттеу орталығының «Талдау және мониторинг» бөлімінің маманы Дисюков Д.А., философия кафедрасының доценті Бондаренко Ю.Я., Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселерін зерттеу орталығының директоры Шаукенов Ж.А. арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Д.А.Дисюков өз баяндамасында студенттердің қызығушылығын арттыру үшін, күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, бейдәстүрлі діни ұйымдардың іс-әрекеттері мен олардың еліктіру әдістерін алдын-алу туралы айтып берді. «Тұлғаға теріс бағытты ұстанатын діни ағымдардың әсері» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Ал, Ю.Я.Бондаренко өз баяндамасында дін мен мәдениеттің ара қатынастарын қарастырып, олардың адам өміріндегі маңызы туралы айтты. Діни экстремизм және лаңкестіктің қайнар көздерінің Қазақ қоғамына әсері туралы сұрақтарды Ж.А.Шаукенов қарастырды.  

Студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Іс-шара соңында жасырын түрде «Біреудің сөзіне еліктейсіз бе?» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, қатысушыларға «Дін және толеранттылық» атты буклеттер таратылды.


PDF