Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қазақстан студенттік топтар арасыда әлемдік бағдарламалау чемпионаты өтті

2018 жылдың 27-ші қазанында Назарбаев Университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттері негізінде Қазақстандық студенттердің қатысуымен ACM ICPC командалық бағдарламалау чемпионатының 1/4 финалы өтті.  Барлығы 130-ға жуық еліміздің аудандарынан келген ЖОО командалары қатысты. Командаларға 5 сағатқа 11 тапсырма берілді. Тапсырмаларды тексеру «субъективті фактордың» қол сұғуынан тәуелсіз тесттік жүйесі арқылы жүргізілді. А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің намысын  «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттері Разаман Кұлмахан, Ярослав Манаков, Тасболат Тулегенов және топтың жетекшісі - С.Г. Ғалиханов қорғады.

Студенттердің командалық әлемдік бағдарламалау бойынша ACM ICPC чемпионаты әлемдегі барлық университеттердің студенттері үшін аса маңызды халықаралық сайыс болып табылады. Мұндай сайыстар басқа оқу орындарындағы студенттермен қарым-қатынас орнатып, алгоритмдік есептер шығару, бағдарламалау, командада жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсетуге және дамытуға мүмкіншілік береді.

 


PDF