Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының қазіргі жағдайы: шын қалпы және болашағы» атты дөңгелек үстел

2017 жылдың 22   ақпанында Қаржы және банк ісі кафедрасында «Экономикалық факультеттің инновациялық әдістемелер айлығы»  бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының қазіргі жағдайы: шын қалпы және болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл шараға банк жүйесінің өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен  5В050900-Қаржы мамандығының студенттері шақырылды.

    

5В50900-Қаржы мамандығының 3 курс студенттері  Исмагамбетова Гульдана «Мемлекеттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жолындағы ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары»  және  Александрова Анастасия   «Онлайн – Микрокредит беру нарығы» атты баяндамалар жасады.

«Жилстройсбербанк» АҚ клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Аскарова А.Д 2017 жылға арналған  жаңа мемлекеттік бағдарлама туралы және жилстройжинақтау жүйесінің жетістіктері мен кемшіліктері жөнінде айтып берді.   

Қостанай қаласындағы «Сбербанк» АҚ ДБ өкілі Гарась Александр Владимирович - кіші бизнеспен жұмыс жасау бөлімінің басшысы - студенттерге проблемалы несиелермен және кіші бизнеспен жұмыс жасаудың ерекшеліктері туралы айтып берді.  

Кедесу соңында   дөңгелек үстелге қатысушы студенттер  түрлі тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, оған түпкілікті жауаптар алды. Студенттер бұл шараға жоғары деңгейде қызығушылық білдірді.


PDF