Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қазақстан Республикасының ақшалай-несиелеу саясатының қазіргі жағдайы: нақтылықтары мен болашағы атты дөңгелек үстел

2016 жылдың 28 сәірі күні сағат 15.00-де №2 ғимараттың 103 дәрісханасында  қаржы және банк ісі кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасының ақшалай-несиелеу саясатының қазіргі жағдайы: нақтылықтары мен болашағы" атты дөңгелек үстел өтті.

Оған қатысқандар:

- Омарханова Ж.Т. - Ұлттық Банктің Қостанай филиалының директорының орынбасары;

- Есембеков Д.Г. - Жилстройбанктың директорының орынбасары;

- Досов Н.К. - Центр Кредиттің Банктың Қостанай филиалының  несие талдамашысы;

- қаржы және банк ісі кафедрасының оқытушылары;

- 5В050900-Қаржы мамандығының студенттері.

Дөңгелек үстел отырысының күн тәртібі

    

Қарастырылған сұрақтар:  мемлекеттің экономиканы ақшалай-несиелеумен реттеуінің, Қазақстан Республикасының ақшалай-несиелеу саясатының қажеттілігі және қазіргі кезеңде ақшалай-несиелеу саясатының құралдарын басқару, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы ҚР Ұлттық Банктің істеп жатқан жүйелі іс - шаралары мен құралдары. 

   

  


PDF