11 қазан күні "Экономика" кафедрасында «Жаңғырту 3.0: сананы модернизациялау» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім беру» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған Марк П. Тейлор, Н. Грегори Манкуин авторлардың «Экономикс, 4 - басылым» атты жаңа оқулықтың тұсаукесері өткізілді.
Тұсаукесер экономика кафедрасының доценті С. Турежанов инженерлік-техникалық факультетінің II курсынің «5В060400 - Физика» және «5В071300 - Көлік, коліктік техника мен технологиялыр» мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде оқытылатын топтарда ашық практикалық сабағында өткізілді.
Тұсаукесерге экономика және инженерлік техникалық факультеттерінің оқытушылары, инженерлік техникалық факультетінің 2 курс студенттері қатысты.
Тұсаукесер барысында кіріспе сөзінде доцент С. Турежанов қазіргі заманғы экономикалық білім берудің маңыздылығын айта кетіп, оқулықтың жоғары ғылыми стандарттарға сәйкестігін растады. Таныстыру шараға қатысушылардың пікірі бойынша оқулық инженерлік мамандарды даярлаудағы экономикалық білімін ұлғайтуға керекті үлесін қосады.