ҚМУ-дың шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Сәуле Жабаева және Юлия Шандецкая Пекин технологиялық институтында DIREKT ERASMUS+ бағдарламасы шеңберінде өткізілген «Ағылшын тілін арнайы мақсатта оқыту» тақырыбында халықаралық семинар-тренингке қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты ақпараттық сауаттылықты дамыту және өмір бойы үздіксіз білім беруді жетілдіру жұмыстарына бағытталған.
Семинар барысында мамандар мәдениетаралық қарым-қатынас, академиялық хат негіздері, зерттеу әдістері мәселелерін қарастырды.
Жобаның құрамына кіретін Ирландия, Германия, Словакия, Қытай, Ресей және Қазақстан елдерінің ғалымдары жұмыс тобының отырысында бірінші кезекте серіктес университеттердің кітапхана қызметкерлері үшін ағылшын тілі курсын (А1, А2 деңгейі) дайындау жөнінде шешім қабылдады.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің кітапхана қызметкерлері үшін ағылшын тілі курстарын 72 сағат көлемінде 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап өткізу жоспарлануда.