Шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері жыл сайын Қазақстандық ағылшын тілі мұғалімдер қауымдастығы (KazTEA) ұйымдастыратын Халықаралық конференцияға қатысады. Павлодарда өтетін (26-27 сәуір) өтетін конференцияның тақырыбы – ‘Educating a Global Citizen: Learning beyond English’..
Бұл конференция АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі қолдауымен өткізіледі, ол жол және іссапар шығындарын өтеу үшін гранттар ұсынады. Грант иегерлері: ағылшын тілін оқытудың әдістемесінен қызықты тақырыптарды ұсынған шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Шандецкая Юлия Николаевна, сондай-ақ «Шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенттері Задорожная Ксения, Асанова Балжан, Зайцева Маргарита. Олар өз жұмыстарын конференция секцияларында ұсынады. /span>
Осы форумда біздің аймағымызды сәтті көрсетуді тілейміз!
(Шетел филологиясы кафедрасы)