Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Қостанай таңы" газеті ұйымдастырған «Ауылым – менің жұмағым!» атты фото-байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, мектеп оқушылары қатысты. Фото-байқаудың негізгі талабы – фотосурет көркем, түрлі-түсті және деректі болу керек болатын. Қойылған талаптардың барлығын ҚМУ-дың ГӘФ журналистика мамандығының 4 курс студенті Кенжеғұл Жанболат орындап, арнайы құрылған тәуелсіз комиссия оның жұмысын жоғары бағалап, ІІ-ші орынға ие болды.