2018 жылдың 26 наурызында агрономия кафедрасының апталығы шеңберінде «Ауыл шарушалығында IT технологияларын пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ауылшаруашылық бағытындағы цифровизацияны қолданудың ағымдағы мәселелерін талқылау.
Дөңгелек үстел жұмысына жетекші ұйымдардың жұмыс берушілері қатысты: Т.К. Бисимбаев – «Қостанай облысының ауылшаруашылық әкімшілігі» ММ бастығының орынбасары, Н.А. Кикебаев – Қостанай АШҒЗИ ЖШС бас директоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, А.С. Удовицкий – Қостанай АШҒЗИ картоп өсіру зертханасының аға ғылыми қызметкері, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, Б.Б. Казиев – «Карантинді зертхана» ММ бастығы.
Жұмыс барысында дөңгелек үстел қонактары мен қатысушылар Қостанай облысының аумағындағы ауылшаруашылық технологиялардың даму перспективаларымен танысты. Біздің түлектерге бұл кездесу конструктивті және пайдалы болды.
Болашақ агроном мамандары шақырылған жұмыс берушілерді қызыға тыңдап, ауылшаруашылығындағы ақпараттық технологияларды еңгізу төңірегінде туындаған барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.