Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

АТФ-те бағдарламалаудан олимпиада өтті

2017 жылдың 27-ші сәуірінде ақпараттық технологиялар факультетінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасында колледж студенттері арасында спорттық бағдарламалаудан жыл сайынғы ашық олимпиада өткізілді. Сайысқа Қостанай қаласының 6 оқу орындары қатысты: Қостанай политехникалық колледжі, Лисаков техникалық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, ҚИнЭУ колледжі, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі және Жетіқара политехникалық колледжі. Шараның бас қонағы «Profi Escort» директорының орынбасары Евгений Жуковский болды.

Арнайы құрылған комиссия  олимпиаданың жеңімпаздарын анықтады. Олар:

1 орын – Тасболат Төлегенов (Қостанай политехникалық колледжі);

2 орын – Руслан Наурзалинов (ҚИнЭУ колледжі);

3 орын – Максим Лукьянов (Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі) болды. Қорытынды кезеңде барлық қатысушыларға тиісті стертификаттар табыс етілді.


PDF