Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қасиетті Патрик Күні

17 наурыз күні Ирландияда және барлық әлемде Қасиетті Патрик Күні аталып өтіледі. Бұл Ирландияның жебеушісі Қасиетті Патриктің қайтыс болған күнінде жыл сайын аталып өтілетін, діни және мәдени мейрам болып саналады. Әдетте осы күні Ирландиямен байланыстыратын, жасыл немес замартас түстес киім кию қалыптасқан. Негізі жасыл түс – осы мейрамның негізгі атрибуты болып табылады. Бұл түс барлық жерде, соның ішінде тамақта да қолданылады.

Шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері бұл күнді ерекше атап өтеді. Осы жылы 19 наурызда, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бас корпусының 108-аудиториясында, сағат 10.00 – ден 13.00-ге дейін жайлы Ирландияның ерекше атмосферасы орын алды. «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» студенттері, кураторларыСамамбет М.Қ және Шандецкая Ю.Н. бастамасымен бірге жиналып, өздерін нағыз ирландықтар ретінде сезініп көрді. Ирландияның туымен түстес (жасыл, ақ, сарғылт) безендірілген аудиторияда, ирландялық әуендер қойылып, студенттер мейрамға, Ирландияға және Қасиетті Патрикке қатысты деректерді естеріне түсірді. Студенттер осы мерекенің басты жүргізушілері болды, өз топтарын таныстырып, жарыстар ұйымдастырып, өздері дайындаған тамақтарын таныстырды. Мерекелік көңіл-күйді қалыптастыруда, барлық студенттер қатысқан «Ирландиялық би» флэшмобы ерекше орын алды


PDF