2016 жылдың 07 сәуірі күні №305 дәрісханада «Қаржы және банк ісі» кафедрасы өткізген пәндік олимпиадаға «Қаржы» мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты.
Олимпиада академиялық ұтқырлық шеберлігін жетілдіру шеңберінде өткізілді.
Олимпиада 3 турдан тұрды: тестік тапсырмаларды шығару, тақырыптық сөзжұмбақтарды шешу, EXPO 2017 көрмесін өткізу жағдайында Қазақстан Республикасын энергиямен қамтамассыз ету мәселесін шешу жолдары.
Олимпиада барысында командалар пәндер бойынша жоғары білімдерін көрсете алды, әсіресе Қазақстан Республикасын энергиямен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу жолында өздерінің авторлық ұсыныстарын жасай алды. к
Олимпиада нәтижесі бойынша I орынды «Эйнштейн» командасы, ІІ орында «Тайм», ІІІ орынды «Бесстрашные» және «Эрудиттер» командалары бөлісті.
Жеңімпаздарға профессор З.К. Есымханованың атынан ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.