Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Наурыз мейрамын АБФ-те тойлау

Бүгінгі күні  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне қадам басып тұрған кезде біз Елбасымыздың саясатының арқасында бақытты  өмірге қол жеткізіп отырмыз. Осы Тәуелсіздіктің ақ таңында Наурыз мерекесін кең ауқымда тойлап отырмыз! 

Осындай мерекелік  іс-шара «Армысын әз – Наурыз!» атпен біздің  «Аграрлық – биологиялық» факультетінде аса үлкен ауқымда аталып өтті. Іс – шараны ұйымдастырушы  «Агрономия» мамандығына жүктелген болатын. 

Бұл мерекелік концертке барлық кафедралар аса зор құлшыныспен ат  салысты. Мерекелік концертте ән мен де күйден шашу шашылып, би де биленді. Әрі қарай агрономия мамандығының І курс студенттері мерекелік көрініспен жалғастырды.

Әрі қарай наурыз мейрамы дегустациялық столмен жалғасты. Әр кафедра өздерінің тәтті тағамдарын қонақтарға және студенттерге ұсынды. Енді әр кафедра өз өнерлерін көрсетті. Өте тамаша болды.    Студент жастардың салт-дәстүрді қалай білетіндері осы жерден көрініс алды. Жастармыз ата-анадан, ата-әжелерінен, алыстағы қаймағы бұзылмаған ауылдан алған бай салт-дәстүрімізді жоғары дәрежеде көрсете білді. 

Барлық қазақстандықтарды, наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Кеңпейіл, дархан халқымыз,

Кеңейді дәстүр салтымыз.

Дәстүрін елдің сыйлаңдар,

Дәстүрлі салтты тойлаңдар.

Орындалсын  ойларың,

Тойға ұлассын тойларың!!!

 

Байдильдина Сымбат, АБФ І курс студенті

 

 

 

са АБФ


PDF