Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Арақарағай орман шаруашылығы базасында көшпелі дөңгелек стол өткізілді.

 

Арақарағай орман шаруашылығы базасында 12-ақпан күні биология және химия кафедрасының оқытушылары мен студенттері, кәсіпорын қызметкерлері және Краснокордон орманшылық мектебінің белсенділері арасында көшпелі дөңгелек стол өткізілді.

 

Іс-шараның тақырыбы: «Қазақстандағы жастар саясаты мен жыл бағдарламасын жүзеге асырудың қазіргі кезеңінде биология бакалаврларын жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу жолдары».

Жоспарланған бағдарламаға сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:

  • Арақарағай орман шаруашылығының кәсіпорындарына, қарағай бүрлерін қайта өңдеу, құрғату, тұқым сақтау цехына, орман-өрт станциясына экскурсия жасау;

  • Краснодар орманшылық мектебінің белсенділері мен орманшылық қызметкерлері арасында дөңгелек стол өткізу;

  • А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің студенттерінің тұсаукесері, орманшылық мектебінің тұсаукесері және оқушыларға кәсіби бағыт беру жұмыстары.

  • ҚМУ-нің студенттерінің «Биология», «Орман дозоры» және Краснокордон орманшылық мектебінің «Бүркіт» командалары арасында Брэйнг-ринг.

 

Диалогта «жоғары оқу орыны жүйесіндегі өндірісте» ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен перспективалары туралы пікір алмасты, облыс кәсіпорын базасында биология мамандығы студенттерін дуальды оқытуды, Қостанай облысы орман саласындағы кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес биология бакалаврларын кәсіби даярлауды жетілдірудің жалғыз тактикасы мен стратегиясын әзірлеу жөнінде айтылды.

Университет тұсаукесері барысында, соңғы жылдары Қазақстан жастар саясатына үлкен қөңіл бөлуде, ол биылғы жылдың жастар жылы деп аталуы, мақсат жастарды қолдауға бағытталған бір қатар іс-шараларды жүзеге асыру деп, атап өтті. Бұл мемлекет басшысы тарапынан нақты тапсырмалар: талап етілген мамандарды дайындау бойынша бағдарлама әзірлеу, еріктілер мен студенттерге стипендияны арттыру бойынша тапсырма, жастар стартап жобаларын қолдау, қорын құру, жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруды ұлғайту және басқалар. Біздің студентерміз кейбір бағыттың іске асырылуын осы жылы сезінді: барлық бакалавриат бірінші курс студенттері грантпен білім алады, «Биология» және «Химия» мамандығы бойынша магистратурада гранттың үлкен саны бойынша студенттер мен магистранттардың стипендиясы артты.

Екінші жағынан қоғам жастарға жоғары талап қояды. Сондықтан жастарды мамандық бойынша жұмысқа орналастыру өте маңызды мәселе. Бұл туралы орынбасары Жиляев Андрей Леонидович өз сөзінде: жақсы маман үшін өз ісіне деген сүйіспеншілік және ауылда жұмыс істеуге деген құлшыныс болу керек деді. Егер студенттер арасында осындай адам болса, онда орманшаруашылық басшылары оларды жұмысқа орналастыру жағын қарастырады. ҚМУ-нің «Биология», «Орман дозоры» және Краснокордон орманшылық мектебінің «Бүркіт» командалары брэйнг-рингтен көптеген эмоциялар тудырды. «Біз – ҚМУ-нің студенттеріміз! Біздің ұран «Орманды қорғау!» - деп өздерін таныстырды «Биология» мамандығының студенттері. «Егер орманды сақтамасаң, өмір онымен бірге жоғалады!» деп ұрандады орманшылық мектебінің «Бүркіт» командасы. Сайыс барысында студенттер мен оқушылар орман зиянкестері және ағаш тұқымдастары туралы білімдерімен жарысты.

Қорытынды сайыста «Орманға кіруге арналған барнер», абай болыңыз: «Орманды өлтірсең – ауаны сатып аласың!» деп қорытындылады. Студентерді әртүрлі сүрақтар қобалжытты: «Қазақстанның индустриялдық-инновациялық дамуының қазіргі кезеңдерінде сіздің кәсіпорынныңыздың алдында қандай міндеттер тұр?», «Сіздің кәсіпорын қызметкерлерінде қандай жаңа құзіреттіліктер сұранысқа ие?», «Біздің студенттермен қандай бірлескен жоба жасағыңыз келеді?» т.б. Орман шаруашылығы қызметкерлері тарапынан Арақарағай орман шаруашылығында экологиялық туризм аймағын құру бойынша бизнес жобаны әзірлеу туралы қызықты ұсыныс болды. Өз кезегінде студенттер отырғызылатын материалды жабу үшін өңделген қарағай бүршігін мульчаға қайта өңдеуді ұсынды.

Барлық студенттер ауыл тұрғындарының Отансүйгіштігін, олардың кіші отанына, мектепке, орманға деген махаббатын атап өтті. Кішкентай, бірақ өте таза жайлы, өз ісінің кәсіби мамандары мен мейірбан жандар тұратын–заманауи Арақарағай ауылы осындай. Мұндай орманшаруашылығына біздің студенттер өз еркімен жұмысқа барары сөзсіз.

Тұтастай алғанда, барлық қатысушылар дөңгелек столда белсенділік пен қызығушылық танытып, жоғары оқу орындарының өндіріс жүйесінде өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық дамыды.

 

Биология және химия кафедрасының аға оқытушысы Брагинец Л.А.


PDF