Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері түлекпен кездесті

ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттері жыл сайын өткізілетін түлекпен кездесу жиынын өткізді. Кездесуге кафедра меңгерушісі, кафедра оқытушылары мен жоғары курстың студенттері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер мен түлектердің қарым-қатынасын үзбей, қызметте түлектердің кәсіби бейімделу жолдарымен танысу болды.

Бұл жолы болашақ мамандар Айбек Қоқанбековпен кездесті. Айбек жоо-ды тәмамдаған соң, бірнеше жыл Қазақстанның ірі компанияларында жұмыс істеп, тәжірибе жинап, біліктілігі жоғары бағдарламашыға айналды. Ол ҚР Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі үшін маңызды мемлекеттік жобаларды әзірледі. Қазіргі уақытта Айбек Назарбаев университетінде ауқымды жобамен жұмыс істейді.

Айбек студенттерге еңбек нарығында талап етілген маман болу туралы кеңестер беріп, жаһандық мақсаттарды жүзеге асыру үшін сапалы білім алу қажеттіліктерінің маңыздылығына тоқталып өтті. Кездесу барысында ол студенттердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, бай тәжірибесімен бөлісті.


PDF