Тәуелсізідік күніне орай ҚМУ-дың гуманитарлық әлеуметтік факультетінің оқу залында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Алаш идеясы және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына үлес қосқан алаш зиялыларының қызметімен таныстыру. Негізгі қарастырылған мәселелер: мелекеттілік туралы Алаш идеясы, Алаш және рухани жаңғыру идеясы.
Маңызы зор іс-шараны тарбие, әлеуметтік және шаруашылық жұмыстар жөніндегі проректор Н.Б. Мамиев бастады. Дөңгелек үстел барысында филология ғылымдарының кандидаты Н.О. Мұқатов, филология ғылымдарының докторы А.А. Абсадықов, тарих ғылымдарның кандидаты С.С. Исмаилов өз ойларымен бөлісті.
Студенттердің кездесу барысында көтерілген сұрақтарға деген қызығушылығы ерекше болды.