ҚМУ-дың гуматитарлық-әлеуметтік факультетінің оқу залында психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы О.В. Eлчищеваның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық» тақырыбында жалпы университеттік дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға профессор-сарапшылар: ветеринария ғылымдарының докторы В.И. Гершун, психология ғылымдарының кандидаты Л.В. Саркисян, арнайы шақырылған қонақтар: Қостанай қаласының кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары С.Г. Наурзбекова, Қостанай қаласының әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығының психологы О.А. Власова, М.Горький атындағы мектеп-гимназияның психолог маманы Д.С. Туркестанова, ҚМУ-дың жоғары студенттер кеңесінің өкілі А. Манатов және «Психология» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Жиналғандар тақырып бойынша баяндама жасап, қайырымдылыққа байланысты іс-шаралардың жүргізілуінің маңызына тоқталды. Кездесу барысында қатысушылар өткізілген жұмыстарды қорытындылап, өздерінің бай тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстел интерактивті әңгімелесу түріде өткізілгендіктен, әр студент пікірін ашық жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу нәтижесінде алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлар бекітіліп, қайырымдылық іс-шараларына қатысатын адамдар санын көбейту қажеттіліктері айтылды.