Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ахмет ұрпақтары Кереку төрінде...

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша XI Республикалық пән олимпиадасы өтті. Екі күндік шеберлік сайысында журналист мамандарын дайындайтын 17 жоғары оқу орындарынан 51 студент тіркеліп, бақтарын сынады.

 

Алғашқы күні «Ұлы даланың ұлағаты» тақырыбында журналистік қырларын танытатын команданың бейнеролик ретіндегі таныстырылымы көрерменге жол тартса, екінші кезеңінде тарихи тұлғалар мен ұлы даланың шежіресі, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен жастар жылындағы өзгерістер жайлы ойтолғау жазылды. Осылайша қатысушылардың жұмысын Павлодар өлкесінің білікті журналистерінен құралған топ қазылық жасап, бағалады. 

 

олимпиада

 

олимпиада 2

 

Екінші күні теориялық білімдерін тексеру мақсатында екі сағаттық тестілеу жүргізілді. Қонақжай Павлодарлықтар алғашқы күннен-ақ келген қонақтарға арнап экскурсия жүргізді. Қатысушылар қала тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Осылайша сайыскерлер Бұхар жырау мен Әлкей Марғұлан сынды қазақтың мақтаныштары туған өлке Ертіс-Баян өңірінің тарихы мен келбетіне деген таңданысын бейнесюжет арқылы жеткізеді. Дәстүрлі шараға айналған пән олимпиадасы еліміздің түкпір-түркірінен жиналған жастардың достық мекеніне айналды.

 

Сайыстың қорытындысы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің "Ахмет ұрпақтары" командасы жүлделі ІІІ орын алды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 

 


PDF